00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада 2 мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты

06.12.2023 | 06:30
69
Фото: дереккөз

Астанада коммуналдық қызметтер қыс мезгілінің басталуымен және қардың мол жаууына байланысты тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

6 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің қарын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшысы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Астанада 6 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ болады.

Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с.

Қалада жабдықталған бірнеше қар полигоны бар.

Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін санау жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Барлық жаңалықтар