00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада 12 күнде бір айлық нормадан артық жауын-шашын болды

13.02.2024 | 08:15
39
Фото: Сұлтан Сейіт

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Астанада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық, деп хабарлады Elorda.info.

Қалада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, боран соқты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар мен тротуарлар мұзға айналды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр: қар күреу, жолдар мен тротуарларды мұздан тазарту, реагенттер себу (құм-тұз қоспасы).

Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метр, яғни 2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең қар шығарды.

Таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қала сыртындағы қар полигондарына барлығы 325,7 мың рейс арқылы 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Барлық жаңалықтар