00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана жәрмеңкелерінде өнімдер нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылады

12.04.2023 | 13:02
46
Фото: 24.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Бағаны тұрақтандырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Үкімет тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде жаңа тәсілдер қолданылды. Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау (ұн, нан, көкөністер, ет және сүт өнімдері және т.б.) енгізілді. Жаңа тәсілдердің мәні фермерлерге маусымаралық кезеңде белгіленген бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуге алдын ала аванс беру болып табылады. Жаңа тәсілдер шеңберінде отандық күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, мүйіз, нан өндірушілерді қаржыландыру көзделеді. Қазіргі уақытта Үлгілік қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілуде, оған сәйкес отандық тауар өндірушілерді қаржыландыруға арналған өтінімдер қаралатын болады. Сондай-ақ, ет және сүт өнімдерін (сиыр еті, құс еті, жұмыртқа, сүт, айран, сүзбе, сары май) отандық өндірушілерді белгіленген бағадан аспау бойынша өзара міндеттемемен қаржыландыру көзделеді, - деді спикер.

бри.jpg

Оның айтуынша, күзгі егінді келісімшарттауды қамтамасыз ету мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді форвардтық қаржыландыруды көздейтін ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қала әкімдігі осы тетіктерді іске асыруда. Мәселен, бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін ағымдағы жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында жалпы көлемі 8 мың тонна көкөніс интервенциясын өткізді. Нәтижесінде бағалар, статистикаға сәйкес, 5-10%-ға төмендеді (пияз – 10%, сәбіз – 5%, картоп – 5%, қырыққабат-2%). Бүгінгі таңда қалада қолданыстағы шарттар бойынша қала халқының айлық қажеттілігін қамтамасыз ететін 7 мың тоннадан астам көкөніс қоры бар (картоп – 4,2 тонна, пияз – 1,3 тонна, қырыққабат – 1 тонна және сәбіз – 900 кг). Өндірісті жолға қою және қаланың ішкі қажеттілігін қантпен қамтамасыз ету мақсатында форвардтық тетік арқылы 1,6 млрд теңгеге қарыз шарты жасалды: Меркі қант зауытымен 2023 жылға 3,5 мың тонна қант жеткізуге. Сонымен қатар жаңа тәсілдер импортталған көкөністерді сатып алуды көздейді, - деді басқарма басшысының орынбасары. 

Мәселен, Тәжікстан Республикасына сапар қорытындысы бойынша «Astana» ӘКК АҚ мен «Тәжікагропром» компаниясы арасында 1 200 тонна пияз жеткізуге келісімшартқа қол қойылған. Алғашқы жеткізілім 500 тонна мамыр айында, маусым айында тағы 500 тонна және шілде айында 200 тонна болады деп күтілуде. Сауран көшесі, 7 және Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекен жайларында елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қала аумағында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. 

Жәрмеңкелер апта сайын өткізіледі. Барлық өнімдер нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылады. Тұрақты негізде баға белгілеудің делдалдық схемаларын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өткізіледі. Жыл басынан бері 25 отырыс өткізілді, оның ішінде 11 көшпелі отырыс. Көшпелі кеңестер барысында қаланың ірі сауда нысандарында "Әсем", «Гүлжан», «Вкус Март» сауда үйлері, «Аспан базар», «Сауран», «Астаналық базарлар» базарлары сауда үстемесінің 15% - сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жұмыртқа, тауық еті, пияз, май, сүт бағасының 10-15%-ға төмендеуі байқалады, - деді Мақсат Жаңабаев.

Барлық жаңалықтар