00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана әлемдегі озық 21 шаһардың қатарына енді – Президент

05.07.2023 | 11:13
35
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Intelligent Community Forum беделді халықаралық ұйымының мәліметі бойынша елорда әлемдегі ең интеллектуалды қоғамдастықтың бірі ретінде озық 21 шаһардың қатарына енді. Сонымен қатар қаламызда Орталық Азиядағы ең ірі Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі құрылды. Бұл технопарк тек еліміздің ғана емес, бүкіл аймақтың цифрлық трансформациясына елеулі үлес қосады.

Мен экология саласына әрдайым айрықша көңіл бөлемін. Аталған мәселеде азаматтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы шешуші мәнге ие. Ірі қалалардағы көшелердің қоқыстан таза болуы тұрғындардың азаматтық сана-сезімі жоғары екенін анық көрсетеді. Жауапты қала тұрғыны дегеніміз – бұл, ең алдымен, өз қаласының және елінің тағдырына бей-жай қарамайтын адам, - деді Қ.Тоқаев.

Барлық жаңалықтар