00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Абай облысының кішкентай тұрғындары елордаға келді

27.06.2023 | 18:00
64
Фото: Elorda.info

Бүгін Астананың 25 жылдығына орай «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік тур басталды. Аталған турдың алғашқы қатысушысы болып Абай облысынан 50 бала келді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған турға бүкіл республика бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1000 бала қатысады деп жоспарлануда. 

балалар.jpg

-Астанаға келген балалар елорданың «Астана-Бәйтерек» монументі, «Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, ҚР Ұлттық музейі, «Хан Шатыр» сауда орталығы сияқты қаланың көрнекі жерлерін аралайды. Сонымен қатар балаларға арналған ең қызықты сауықтыру орындары – Океанариум, Джунгли, Қазақстандағы ең үлкен шолу дөңгелегі, батут саябағын көрсету жоспарлануда, - деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы Өмірұзақ Тілеужан.

Оның айтуынша, балалар Астананы 3 күн аралайды. Оларға қаланы көрсететін арнайы адамдар бар. Олардың жатын жері, 3 мезгіл тамақтану мәселесі алдын ала шешіліп қойылған. 

Барлық жаңалықтар