00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады

31.03.2023 | 23:17
Елорда ақпарат
73

Астанада 27 ақпанда 50 пәтерді сатып алу құқығымен жалға алуға өтініш қабылдау басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Тұрғын үй қоры бұрын жарияланған байқау бойынша кезекте тұрған азаматтардан қосымша өтініш қабылдайды.

Астана қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" мекемесі сатып алу құқығымен жалдамалы пәтерлерді алу бойынша қосымша байқау 27 ақпан – 3 наурыз аралығында өтетінін хабарлады.

Сарыарқа ауданының Көктал ықшамауданы, 12-95 көшесі, 12/1 үйде орналасқан жалдамалы пәтерлер саны – 50. Олардың жиырмасы – 1, жиырма екісі – 2, сегізі – 3 бөлмелі пәтерлер.  

Еске салайық, жалдамалы пәтерді алу үшін бастапқы жарна талап етілмейді, ал бір шаршы метрді жалдау құны – 1 455 теңге. Пәтер 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. 

Өтінішті "Тұрғын үй қоры" КММ сайтында беруге болады. 

Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған келесі азаматтар қатыса алады:

- Білім беру саласының;

- Денсаулық сақтау саласының;

- Мәдениет саласының;

- Әлеуметтік қорғау саласының;

- Полиция департаментінің;

- Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Барлық жаңалықтар