00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл Байқоңыр ауданында 180 ит пен 51 мысық ауланды

31.03.2023 | 22:46
Елорда ақпарат
61

Жыл басынан бері Байқоңыр ауданы бойынша қараусыз және қаңғыбас жануарларды аулауға 94 өтінім, соңғы аптада – 23 өтінім келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info.

Оның ішінде: «Кирпичный» тұрғын алабы бойынша: жыл басынан – 13 өтінім, соңғы аптада – 3 өтінім; «Өндіріс» тұрғын алабы бойынша: жыл басынан – 19 өтінім, соңғы аптада - 7 өтінім.

Нәтижесінде, Байқоңыр ауданы бойынша жыл басынан бері 180 ит, 51 мысық, соңғы аптада 56 ит, 30 мысық ауланды.

Бүгінде аталған бағыттағы жұмыстар «Астана ветсервис» КМК қызметкерлерімен жалғасуда.

Үй жануарларын аулаларыңызда арнайы қарғыбаумен ұстауларыңызды сұраймыз! Егерде көшеде қаңғыбас иттерді байқасаңыз 8 (747) 109-01-09 нөміріне хабарлаңыз, - делінген ақпаратта.

Барлық жаңалықтар