00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жеңіс Қасымбек елордалықтар мен қала қонақтарын Жаңа жылмен құттықтады

31.03.2023 | 21:35
Елорда ақпарат
27

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтар мен қала қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Әкім құттықтауын Instagram-парақшасында жазды. 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жыл оңай болмағаны анық, дегенмен қаламызда көптеген маңызды әрі қажетті жобалар жүзеге асырылды. Алдағы 2023 жылдың жоспарын белгіледік. Олар: инфрақұрылымдық нысандардың (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау), оқу орындарының, қолжетімді тұрғын үйлердің, медициналық орталықтардың және т.б. құрылысы. Өздеріңізбен бірлесе отырып, қаламызды жақсарта түсіп, өмір сүруге қолайлы етеміз!

Әрбір отбасыға мықты денсаулық, алға қойған мақсаттарының орындалуын, әрбір бастамаларының жүзеге асуын тілеймін! Жаңа жыл қуанышқа толы, табысты, берекелі болсын! – 

Барлық жаңалықтар