00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қалалық спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы жылды қорытындылады

31.03.2023 | 21:32
Елорда ақпарат
47

Күні кеше елордадағы ҚР Тұңғыш президенті мұражайында қалалық спорт басқармасына қарасты Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының жаңа жылдық мерекелік марапаттау кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл кеште спортта елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, жылдар бойы еңбектеніп, жеңіс тұғырынан көрінген мекеме үздіктерін анықтады.

Тәуелсіз еліміз жаңа 2023 жылға қадам басып келедi. Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Бүгін, міне, басқармаға қарасты Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы  жылды қорытындылап жатыр. Жалпы бұл мекеменің бір жылдағы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Ал сол жетістіктердің әрқайсысы тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденістің арқасында келді. Жыл соңында әр саланың үздіктерін марапаттау – жылдағы дәстүр. Сол үрдістен биыл да жаңылмай, мекеменің марапаттау кешінің куәсі болып отырмыз. Баршаңызды келе жатқан 2023 жыл – Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! – деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Самат Жылқыбаев мерекелік жиынның ашылу салтанатында.

Аталмыш мекеме 2020 жылдың қараша айынан бастап, Астана қаласында спорт түрлері бойынша қала құрамаларын сапалы және тиімді даярлау, сондай-ақ халықаралық және республикалық спорттық іс-шараларда жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өз қызметін бастаған болатын. Мекеме басшысының айтуынша, олимпиадалық емес спорттың 50 түріне қолдау көрсетіп отырған ұйымның жеткен жетістіктері де аз емес.

Жалпы жыл басынан бері біздің спортшыларымыз 293 түрлі республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ел қоржынына 780 алтын, 554 күміс, 626 қола медаль әкелді. Сонымен қатар, әлем чемпионаттарында 120 медаль (алтын - 54, күміс - 25, қола -41), Азия чемпионаттарында 201 медаль еншілесе (алтын - 99, күміс - 55, қола - 47), ҚР чемпионаттарында 875 медальға (алтын - 308, күміс - 253, қола - 314) қол жеткізді. Бұл көрсеткіш жыл сайын  артып келеді. Міне, мұның барлығы біздің спортшыларымыздың төккен тері мен олардың ерік-жігерлерінің арқасында қол жеткізген табыстарымыздың көрінісі – деді Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Дастан Алдашов.

Жыл қорытындысы бойынша лайық деп танылған үздіктер:

«ҮЗДІК СПОРТШЫ» жүлдесі – Саян Жандильдин (Ашихара каратэ); Ерсұлтан Шакенбай (ММА); Қазыбек Нөгербек (шахмат); Арыстан Айтмолдин (грэпплинг UWW); Медина Әбдібаева (эстетикалық топтық гимнастика).

«ЖЫЛ СЕРПІНІ» жүлдесі – Нинель Аблаева (сомдалу).

«ҮЗДІК АРДАГЕР СПОРТШЫ» жүлдесі – Әділхан  Нұрғазин (гір көтеру); Еркін Әлімжанов (қол күресі).

«ҮЗДІК АҒА - ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» жүлдесі – Ескендір Рахметов (асық ату); Арманжан Рузахунов (джиу- джитсу); Нұрболат Рысмағамбетов (кикбоксинг); Денис Рыбка (сомдалу), Әкім Әбдрахманов (грэпплинг UWW).

«ҮЗДІК МАМАН» жүлдесі – Тасқын Успанов (әдіскер); Сания Салдатханқызы (әдіскер).

Жаңа жылға жаңа серпінмен қадам басуға бел байлаған Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы жыл соңын осылай табысты аяқтады.

Барлық жаңалықтар