00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадағы Достық үйінде жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті

31.03.2023 | 21:31
Сабина Кәкімжан
20

Бүгін Астанадағы Достық үйінде жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мерекелік іс-шараға қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, және Астана қаласы ҚХА  мүшелері қатысты.

Демеушілердің көмегімен 50 балаға жаңа жылдық сыйлықтарын беріп, мерекелік  көңіл-күй сыйладық. Жалпы Астана қаласында 20-шы желтоқсаннан бастап аудандарда, мектептерде жастарға арнап мерекелік кештер өтіп жатыр. Мұндай мерекелік іс-шаралар ертең де жалғасады, - деді Дәурен Бабамұратов.

Мұнда әлеуметтік осал топтағы балаларға, өмірлік қиын жағдайға түскен балаларға қолдау көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне  түрлі қызыққа толы арнайы бағдарлама ұйымдастырылды.

Шара соңында Аяз ата мен Ақшақар 50 балаға сыйлықтар табыстады.

Ерекше балаларды елеусіз қалдырмай көңілді кеш ұйымдастырған демеушілерге алғысымды білдіремін. Есіктен кіргеннен бастап бізді қуана қарсы алғаны үшін Достық үйіне айтар алғысым шексіз. Бүгінгі жаңа жылдық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды, - деді елордалық тұрғын Иманалиева Ақмарал.

Барлық жаңалықтар