00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жас волонтерлер «Еріктілер мектебінен» өтеді

31.03.2023 | 21:24
Сабина Кәкімжан
47

Елордада жас волонтерлерді қызметке қабылдамас бұрын «Еріктілер мектебінен» өткізеді. Бұл туралы Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл волонтерлерді әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға ел тарихын білу, алғашқы медициналық көмек көрсету, әртүрлі елдердің менталитетін зерттеу, жанжалдарды шешу модульдері енгізілген. Көбі білетіндей, волонтерлер пандемия кезінде өте ауқымды жұмыс атқарды. Қазір де қызметтерін абыройлы атқарып келеді. Әсіресе, экологиялық, әлеуметтік, медициналық, event, төтенше жағдай салаларында өздерін көрсетіп жүр, - деді басшы.

Сондай-ақ, олар қаладағы халықаралық, республикалық концерт, шараларға да өз үлестерін қосады.  

Басқарма басшысының айтуынша, 19 желтоқсанда  қалада  алғашқы «Volunteer fest» өтті. Онда волонтерлік ұйымдар, топтар, белсенділер шақырылып, 8 бағыт бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Астанада NEET санатындағы жастар арасында футболдан турнирлер, бос орындар жәрмеңкелері, «NS Жас жігер», «NS Бағдар», «Үздік» жобалары өткізіледі. Мысалы, «NS Жас жігер» жобасының аясында сауда үйлерінде (базарларда) жұмыс істейтін жастар арасында футболдан жарыс өткізілді. Оған қаламыздың 20 базарының 200-ге жуық өкілдері қатысты.

«Үздік» жобасы аясында «Үздік шиномонтажшы», «Үздік даяшы», «Үздік бариста», «Үздік тігінші» сияқты номинациялар бойынша байқаулар өткізілді.

«Астана жастарының» басты бағыттарының бірі – волонтерлік қызмет. 2020 жылдан бері қалалық волонтерлер штабы жұмыс істейді. Штабтың қызметіне 30-дан астам волонтерлік ұйымдар, 20 бастамашыл топтар, мемлекеттік жастар саясаты саласында қызмет етіп жүрген 8 үкіметтік емес ұйымдар, республикамыздың 20 медиа тұлғалары шақырылды, - деді Қайрат Қамбаров.

Сонымен қоса, балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында аула клубтары жұмыс істейді.

«Астана жастары» ЖРО балансында 24 аула клубтары бар. Онда 3100 тәрбиеленушілер білім алады. Олар қалалық, республикалық және халықаралық сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. 124 үйірмелер мен секциялар бар: 68 спорттық секция, 56 шығармашылық үйірме: бокс, каратэ, түрлі би үйірмелері, сурет салу, қолөнер, бағдарламалау (программирование) және т.б, - деді басшы.

2020 жылдан бастап Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірге «Есірткіге жол жоқ!» жобасы жүргізіледі.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған гаджеттер мен құралдар ойлап табатын «Мейкатон» жобасы  жүзеге асырылады. Қатысушылар есту қабілеті нашар жандарға арналған білезік, көру қабілеті нашар жандарға арналған құрылғы, мүгедектер арбасына арналған жылжымалы баспалдақ көтергіш және т.б. құрылғыларды жасайды. Сондай-ақ жастардың шығармашылық дамуы да назарда. «Jaidarman» ойындары, «Жастар жалыны» фестивалі, «Jastar Jalyny camp» лагері, дебат ойындары, жас отбасылар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылады, - деп сөзін түйіндеді Қайрат Қамбаров.

 

 

Барлық жаңалықтар