00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада Илья Ильин атындағы «ILYIN IRON CUP» турнирі өтеді

31.03.2023 | 21:12
Елорда ақпарат
20

21-22 желтоқсанда Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің бастамасымен және ұйымдастыруымен күштік спорт түрлерінен «ILYIN IRON CUP» демонстрациялық турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

«ILYIN IRON CUP» – Қазақстан мен көршілес елдердің 200-ге жуық кәсіпқой спортшысы ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-рестлинг, гір көтеру, армлифтинг, воркаут, стронгмен сынды спорт түрлері бойынша үздік атану үшін күресетін бірегей спорттық іс-шара.

Турнирдің ашылу салтанаты 21 желтоқсанда сағат 10.00-де өтеді.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Олимпиада чемпиондары  Серік Сәпиев және Ольга Рыпакова, Ғабит Сатмағамбетов және т.б. қатысады.

Илья Ильин атап өткендей, турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық спортты насихаттау.

Айта кетейік, іс-шара Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы аясында Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілмек.

Барлық жаңалықтар