00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Тәуелсіздік мерекесіне орай автошеру өтті (ФОТО)

31.03.2023 | 21:07
Елорда ақпарат
42

Халқымыздың қастерлі мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «ЖРО «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен автокөліктер шеруі өтті. Бұл шара «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған «Еркіндігім – қасиетім» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлады Elorda.info

Автошеруге 250 мемлекеттік тумен жабдықталған 30-ға жуық жеңіл автокөлік қатысты. 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл игілікті шара биыл ҚР Мемлекеттік туы алаңынан бастау алып, шаһардың ең сәулетті даңғылдары арқылы «Отан қорғаушылар» монументіне дейін жалғасты. 

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарымызға патриотизм мен елжандылықты насихаттап, жастардың бойында мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметті арттыру. Сондай-ақ, мұндай шаралар қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын атаулы мерекемен ерекше құттықтауға мүмкіндік береді және оларға мерекелік көңіл күй сыйлайды, - дейді ұйымдастырушылар.  

Көліктер шеруіне жылдағы дәстүр бойынша қалалық волонтерлар штабының жастары мен қаланың автоклубтарының өкілдері қатысты. 

Көрген жанның көз жауын алатын көк байрақтарымыз желбіреп көше бойлап шерулеткенде кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді екен. Осындайда өзіміздің тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында тұрып жатқанымызға шүкірлік етемін, – дейді қала тұрғыны Ақлима Манат.

Барлық жаңалықтар