00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Әмен Тұяқовтың жүлделеріне арналған халықаралық турнир өтеді

31.03.2023 | 21:04
Елорда ақпарат
18

17 желтоқсанда «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Әмен Тұяқовтың жүлделеріне арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың ашылуы 17 желтоқсанда сағат 15.00-де. Кіру тегін.

Турнирді тікелей эфирде QazAthletics YouTube арнасынан онлайн тамашалауға болады.

Биыл тұңғыш рет өткізілетін Әмин Тұяқовтың жүлделеріне арналған І Халықаралық турниріне 4 мемлекеттен 176 спортшы қатысады.

Жарысқа қатысуға келесі командалар өтінім берді:

1. Тәжікстан – 4 спортшы;

2. Гонконг – 10 спортшы;

3. Қырғызстан – 4 спортшы;

4. Қазақстан – 101 спортшы.

Жарыс бағдарламасына жеңіл атлетиканың мынадай түрлері кіреді:

• Жүгіру – 60м, к/мен 60м, 400м, 800м, 3000м;

• Ядро итеру;

• Ұзындыққа секіру;

• Биіктікке секіру.

Сонымер қатар жарыс бағдарламасына 14 жасқа дейінгі балалар арасында 60 м қашықтыққа жүгіру және 4х200м аралас эстафета (2ұл + 2қыз) енгізілді.

Жеңімпаздар арнайы медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

1-орын – 100 000 теңге;

2-орын – 50 000 теңге;

3-орын – 30 000 теңге.

Барлық жаңалықтар