00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қоржынға 8 алтын медаль түсті

31.03.2023 | 21:04
Елорда ақпарат
42

Қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні ұлттық құрама үшін сәтті болды. Бұл күні балуандарымыз қоржынға 5 алтын мен 1 күміс медаль салды, деп хабарлады Elorda.info.

Біз асыға күкен спорттық мерекеде әлемнің 40-қа жуық елінен келген 350 спортшы Qazaq Kuresi World Championships атағын сарапқа салуда. Чемпионаттың екінші күні ерлер 55, 60, 66 және 74 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 55 және 65 келі салмақта кіл мықтыны анықтады.

Бұл жолғы белдесулер де аса тартысты өтіп, нәтижелі болды. Атап айтқанда, әлемдік додада ерлер арасында белдескен Бекжан Төлепов (55 кг.), Нұр Аманшүкіров (66 кг.), Жұмажан Қожамбеков (74 кг.), ал әйелдер арасында Зарина Сарипова (65 кг.) мен Рауза Нұрмахамбетова (55 кг.) Әлем чемпионы атанды. Тағы бір балуанымыз Марат Нигматуллаев (60 кг.) күміс медальға ие болды.

Еске салсақ жарыстың бірінші күні Айдын Дартаев (82 кг), Марат Байқамұров (100 кг.), Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг.) чемпион атанса, Тоқтарбек Айдарбек (90 кг) пен Мөлдір Азамат (+75 кг) қола медальға ие болған болатын.

Сөйтіп, қоржында 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.

Жарыс бағдарламасына сәйкес жасөспірімдер мен жастар, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтауда. Ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 4) белдесуде.

Барлық жаңалықтар