00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Тәуелсіздік күніне орай жүзуден ашық республикалық турнир өтеді

31.03.2023 | 21:04
Елорда ақпарат
43

Астанада 15-17 желтоқсан күндері Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін ашық біріншілік 2007, 2008, 2009 - 2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өтпек.

Біріншілік қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Додаға қатысуға қазірдің өзінде алты қаладан 430 спортшы тіркелді.

Қатысушылар әртүрлі қашықтықта бақ сынайтын болады, яғни жүзудің төрт жас деңгейінен және төрт түрінен сынға түседі. 50 метрден бастап, үш қашықтық бойынша өзара жарысады - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үш күнге жалғасқан біріншілік барысында анықталады. Жарыстың бірінші күні эстафеталық жарыс - баттерфляй, еркін жүзуден 100 метр және брасс, арқамен жүзу 50 метр ара қашықтықта бойынша өрбейді. Ал, жарыстың екінші және үшінші күндері спорттық бәсеке керісінше тәсілмен жүргізілді. Яғни 50 метр ара қашықтықта еркін жүзу, баттерфляй, ал арқамен жүзу және брасс 100 метр бойынша үздіктерді анықтайтын болады.

Спорт саласы мамандарының сөзінше, ашық біріншілікте үздік көрінген елордалық спортшылардан алдағы күндері қаланың намысын қорғайтын спортшыларды жасақтайтын болады.

Айта кетейік жарыстың ашылу салтанаты 15 желтоқсан сағат 10:00-ге жоспарланған.

Барлық жаңалықтар