00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

31.03.2023 | 20:30
Елорда ақпарат
52

24 қарашада Астанада 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс елордадағы №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде болады.

Алдын ала өтінім бойынша ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойналады, сондай-ақ жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер аталады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 24 қарашада өтеді, жарыс 29 қарашаға дейін жалғасады.

Турнир кестесі:

24 қараша:

11.00 – 13.00 жасөспірімдер 33 келіге дейін

15.00 – 17.00 қыздар 32, 36 келіге дейін

25 қараша:

11.00 – 13.00 жасөспірімдер 37 келіге дейін

15.00 – 17.00 қыздар 40, 45 келіге дейін

26 қараша:

11.00 – 13.00 жасөспірімдер 41 келіге дейін

15.00 – 17.00 қыздар 49, 55 келіге дейін

27 қараша:

11.00 – 13.00 жасөспірімдер 45 келіге дейін

15.00 – 17.00 қыздар 59, 64 келіге дейін

28 қараша:

11.00 – 13.00 жасөспірімдер 49 келіге дейін

15.00 – 17.00 қыздар 71, 71+ келіге дейін

29 қараша:

11.00 – 13.00 жасөспірімдер 55, 61 келіге дейін

15.00 – 17.00 жасөспірімдер 67, 73, 73+ келіге дейін.

Барлық жаңалықтар