00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат өтіп жатыр

31.03.2023 | 20:10
Елорда ақпарат
60

Астанада мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA OPEN» қалалық ашық чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы додаға Алматы мен Астана қалаларынан өзге 6 өңірден келген 245 спортшы қатысуда, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада соңғы жылдары шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, хоккей секілді спорт түрлері жақсы дамып келеді. Аталмыш чемпионаттың елордада өтуі, Астаналық спортшылар үшін үлкен нәтиже. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған қалалық ашық чемпионатқа өзгеде қалардан келіп қатысуда. Үш күнге созылатын жарыс қысқа және еркін бағдарлама бойынша өтіп жатыр. Бұл жарыста жұптық бәсеке жоқ. Сондықтан спортшылар тек жекелей сында өнер көрсетеді. Өздеріңіз байқағандай бүгін міне «Алау» мұзайдыны сарайында мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA OPEN» қалалық ашық чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары анықталды,  - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес өтеді. Балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлердің өнерін арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайтын болады.

Бүгін жарыс аланыңа спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткер ұл-қыздар шығады.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына 24 ең мықты спортшыдан Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Бұл жарыста біз ең мықты деген елордалық спортшылар  арасынан 24 таңдаулы мәнерлеп сырғанаушыларды Астана қаласының құрама командасына қабылдаймыз. Олар алдағы 20-24  қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан ҚР жастар чемпионатында өнер көрсететін болады. Сондықтан, республикалық аренада қаламызды лайықты танытатын мықты команданы таңдау біз үшін өте маңызды, - дейді Астана қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира Тұрғанова.

Аталған іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Жарыс 16 қарашаға дейін жалғасады.

Мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA-OPEN» қалалық ашық чемпионатының 1-күннің нәтижелері

3 жасөспірімдік, ұлдар

1-орын – Еркебұлан Төлен

3 жасөспірімдік, қыздар

1-орын – Ясения Исенаманова

2-орын – Айбике Амангелді

3-орын – Айлина Сәтімова

2 жасөспірмдік, ұлдар

1-орын – Даниэль Минеев

2-орын – Дилияр Халықов

3-орын – Ерасыл Мұқанов

2 жасөспірімдік, қыздар

1-орын – Алиса Сичковская

2-орын – Мальвина Сайманова

3-орын – Камила Шалмағамбетова

1 жасөспірімдік, ұлдар

1-орын – Ескендір Ермагамбетов

2-орын – Кәрім Махкамов

3-орын – Даниял Илиупов

1 жасөспірімдік, қыздар

1-орын – Софья Журавлева

2-орын – Амелия Майлыбаева

3-орын – Айлин Гулиева

Барлық жаңалықтар