00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада өткен халықаралық форумда энергия үнемдеу саласының үздіктері марапатталды

31.03.2023 | 20:04
Елорда ақпарат
17

Бүгін Астанада өткен IV халықаралық энергия үнемдеу форумында аталған саланың үздіктеріне төсбелгі табысталды, деп хабарлады Elorda.info.

Энергияны үнемді пайдалану мен саланы дамытуға үлес қосқан азаматтардың еңбегі аталып өтіп, құрмет көрсетілді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 12 адамды «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Айта кетейік, бүгін елордада энергия үнемдеу мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті.

Іс-шара аясында 2023 жылы мемлекеттік энергетикалық реестр субъектілерінің 40 мыңға жететіні белгілі болды.

Сондай-ақ, отандық энергия үнемдеу саласында БҰҰ Даму бағдарламасының үш жобасы іске асатыны айтылды.

Барлық жаңалықтар