00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада ауыл әйелдерінің V форумы өтеді

31.03.2023 | 20:02
Елорда ақпарат
22

11 қараша күні елордада Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан ауыл әйелдерінің республикалық форумы биыл бесінші рет ұйымдастырылмақ. Іс-шараға 250 әйел қатысады деп күтілуде. Бесінші форум ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлігіне арналады және жиынды отандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен өтетін «Орта Азия Әйелдері» сессиясы ашады.

Биыл форум бесінші рет ұйымдастырылады. Оған дайындық ретінде әр өңірде облыс әкімдіктері тарапынан іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Әр облыстан 10 әйел қатысады, оның ішінде дәрігер, мұғалім, кәсіпкер, ауыл шаруашылығымен айналысатын қызметкер, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері де бар. 17 өңірден 170-ке жуық әйел қатысады. Одан бөлек, биыл 20 әйелге марапат беріледі. Форум аясында әртүрлі мәселелер талқыланады. Мысалы, кәсіпкерліктен бөлек, ауылдағы жағдайды қаламен салыстыруға болмайды. Инфрақұрлым, білім деңгейі, ақпараттың баяу жеткізілуі сияқты мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырылады. Форум қорытындысы бойынша үкіметтік ұйымдар үшін қарар қабылданады», - деді Асхат Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Барлық жаңалықтар