00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA OPEN» қалалық ашық чемпионаты өтеді

31.03.2023 | 20:00
Елорда ақпарат
41

Елордада қысқы спорттың ең әдемі әрі ең қиын түрі мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA OPEN» қалалық ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

14-16 қараша аралығында еліміздің үздік мәнерлеп сырғанаушылары Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы «Алау» мұзайдыны сарайында бас қосады.

Қалалық ашық чемпионат елордада екінші жыл қатарынан өтуде. Биыл жарысқа балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысады. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда қаланың ашық чемпионатына қатысуға Астана, Алматы қаларымен қатар Қарағанды, Атырау, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысынан 250-ге жуық өтінім қабылданды. Жас конькимен жүгірушілердің өнерін жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайтын болады. Бұл дегеніміз жарысты жоғары деңгейде өткізуге және әділ төрешілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған іс-шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізілетін болады, - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына 24 ең мықты спортшыдан Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Бұл жарыста біз ең мықты деген елордалық спортшылар  арасынан 24 таңдаулы мәнерлеп сырғанаушыларды Астана қаласының құрама командасына қабылдаймыз. Олар алдағы 20-24  қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан ҚР жастар чемпионатында өнер көрсететін болады. Сондықтан республикалық аренада қаламызды лайықты танытатын мықты команданы таңдау біз үшін өте маңызды, - дейді Астана қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира Тұрғанова.

Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін. Сондай-ақ, чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарыстың бағдарламасы:

14 қараша (бірінші күн)

Жарыстың басталуы: сағат 10:00-21:15

Марапаттау рәсімі: 21:30

15 қараша (екінші күн)

Жарыстың басталуы: сағат 09:00-20:30

Марапаттау рәсімі: 21:00

16 қараша (соңғы күн)

Жарыстың басталуы: сағат 09:00-16:30

Марапаттау рәсімі 17:00.

Барлық жаңалықтар