00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада мектеп көшбасшылары бас қосты

31.03.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
44

Әр өңірден келген лицей президенттері өз оқу ордасының ерекшелігін атап, даму жоспарымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, бұл жиын лидерлік қасиетті шыңдап, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі. Ұйымдастырушылар елімізде сапалы мектептердің дамуы – озат оқушыларды тәрбиелеп шығудың кепілі.

Әрбір президент, әрбір көшбасшы бір-біріне презентация дайындап, өздерінің мектептері жайлы жасап жүрген жұмыстары жайлы тәжірибе алмасып, бір-біріне түсіндіреді. Өйткені бір мектептегі бар керемет дүниені басқа бір мектепте орындау үшін өздеріне пайдалы дүние. Тек қана білім саласында емес, кәсіпкерлік жағынан, кино жағынан біздің танымал тұлғалармен кездестіріп, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін ұштау үшін, тәжірибелерін нығайту үшін осындай кісілермен де кездестіріп отырамыз, - деді халықаралық қоғамдық қордың бірінші вице-президенті Мұхамедәли Ибрагимов.

Айта кетейік, екі күндік форумға еліміздегі 40-қа жуық озық мектеп өкілі қатысып жатыр.

Ең біріншіден, жаһандану заманында әр жердің өз көшбасшысы болу керек. Оқушылар өз лицейінің ерекшеліктері және жыл бойы қойған жоспарлары жайлы айтады. Мысалға, біздің лицей кітап оқу уақытымен ерекшеленеді. Бізде күніне кешкісін әр сынып жиналып, 30 минут бойы кітап оқиды, - деді Қарағанды қаласынан келген қатысушы Әбілмансұр Мекентай.

 

Барлық жаңалықтар