00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана мектептерінде «Музейдегі оқу күні» мәдени-білім беру жобасы енгізілді

31.03.2023 | 19:43
Айман Нығмет
43

Жоба оқушыларға Қазақстан тарихын Ұлттық музейде де зерттеуге мүмкіндік береді. Жоба теориялық білімді бекітуге бағытталған, деп хабарлады Elorda.info.

«Музейдегі оқу күні» жобасына 5-9 сынып оқушылары қатысады. Жобаға кезең-кезеңімен Астананың барлық мектептері қосылады. Қазақстан тарихы бойынша сабақтар мұражайдың экспозициялық залдарында өтеді. Бір дәрістің ұзақтығы – 35-45 минут. Сабақтың тақырыбы мен мазмұны оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді.

«Музейдегі оқу күні» мәдени-білім беру жобасы – Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласы Білім басқармасының және Ұлттық музейдің «Балалар жылы» аясындағы бірлескен жоба.

Еліміздің басқа қалаларынан келген оқушылар үшін мұражай сабақтары Ұлттық музейдің сайтында онлайн-форматта қолжетімді. 

Барлық жаңалықтар