00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада физикалық қажеттіліктері бар балалар қызықты іс-шараға қатысты (ФОТО)

31.03.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
46

Елордадағы «Тарлан» мұз алаңында айрықша физикалық қажеттіліктері бар балаларға арналған «Мұздағы көңілді старттар» спорттық отбасылық мерекесі өтті. Іс-шара Мүгедектер күніне орайластырылған, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның мақсаты - ерекше физикалық қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, отбасы мен қоғамда баланың тұлғаны үйлесімді дамуына жәрдемдесу, балалар үшін мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттау.

Бұл мерекеге ата-анасымен бірге 30-ға жуық ерекше бала мұздағы спорттық командалық эстафетаға қатысты. Баланың ата-анасымен бірге жарысқа қатысуы өте маңызды, өйткені отбасы баланың мінезін дамытуға көмектеседі, сонымен қатар қолдау, қарым-қатынас дағдыларын береді.

Қызықты іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыға демеушілерден естелік сыйлықтар берілді.

 

Барлық жаңалықтар