00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды

31.03.2023 | 17:41
Елорда ақпарат
21

Астанадада «New Music Generation 2022» ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

«New Music Generation 2022» деп аталатын музыкалық додаға әлемнің 40 елінен 170 өнерпаз қатысуға ниет білдірген. Олар ұсынған 300-ден астам туындының үздігін шетелден келген ең атақты, тәжірибелі композиторлар анықтайды. 35 жасқа дейінгі азаматтар бақ сынайтын байқау заманауи академиялық музыканы насихаттап, жас композиторларды қолдауға мүмкіндік береді. Байқау алдағы төрт күнде онлайн форматта өтеді. Ерекшелігі сол – барлық қатысушылардың есімі әзірге белгісіз, яғни құпия сөз арқылы қатысады. Жеңімпаздардың есімі 7 қазан күні белгілі болмақ.

Бұлүлкен дәреже. Өйткені Бүкіл дүниежүзі осы байқау арқылы біздің мемлекетіміз Қазақстанды біліп жатыр. Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Америка, Шығыс елдері Қытай Жапония, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен де қатысушылар бар, - дейді қазылар алқасының төрағасы, көркемдік жетекші Рахат-Би Әбдісағин.

Барлық жаңалықтар