00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді

31.03.2023 | 17:39
Айман Нығмет
30

Осы аптада елорда тұрғындары мен қонақтары арнап бірнеше театр премьералары, көптеген қойылымдар, концерттер мен музыкалық кештер дайындалды. Астана әкімдігінің ресми сайты жоспарланған іс-шараларға шолу жасап шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін, 21 қыркүйек күні сағат 19:00-де мемлекеттік академиялық филармония классикалық және Эстрадалық вокал бөлімінің «Француз музыкасының кеші» атты концертін өткізеді.

23 қыркүйек күні сағат 19:00 және 21:00-де «Жастар» сарайында «tynda.music» концерті ұйымдастырылады.

24 және 25 қыркүйек күндері таңертең ғимараттың фойесінде мысықтардың көрмесі ұйымдастырылады. Жексенбі күні сағат 10:00-де сарайдың спортзалында Қазақстандағы Отбасы күні мен балалар жылына арналған қалалық мәдениет қызметкерлерінің отбасылары арасында спорттық жарыстар өтеді.

21 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Сәкен Сейфуллин музейінде Ғ.Ормановтың 120 жылдығына арналған «Поэзия шебері» дәрісін тыңдауға болады.

Бүгін мұнда Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Ана тілі – менің тірегім» атты дәріс ұйымдастырылады.

22 қыркүйек күні сағат 15:00-де тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды қамтамасыз ету орталығында «Ахмет Байтұрсыновтың саяси және ғылыми қызметі» атты шеберлік сағаты өтеді. 23 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде келушілер үшін «Назар аударыңыз-балалар!» атты іс-шара өтеді.

23, 24 және 25 қыркүйек күндері қуыршақ театры көрермендерді «Мадагаскар 3» мультфильмінің желісі бойынша А.Салаеваның «Қала жолдарындағы оқиға» қойылымына шақырады.

23 және 25 қыркүйек күндері сағат 19:00-де «Жастар» театрында О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклі көрсетіледі.

Музыкалық жас көрермен театрында осы аптада бірден екі премьера өтеді. Жаңа спектакль – «Махаббат бар ма?» - 22 қыркүйек күні кешке сахналанады, ал «Үнсіздік» қойылымы 25 қыркүйекке жоспарланып отыр.

21 қыркүйек күні №2 бұқаралық кітапханада «Бейбітшілік – Әлем тілегі» атты кітап көрмесі, №4 бұқаралық кітапханада «Бейбітшілік – ел тілегі» атты көрмесі, №5 бұқаралық кітапханада «Агрессия мен зорлық-зомбылықсыз әлем» атты кітапханалық глобус өтеді.

22 қыркүйекте орталықтандырылған кітапхана жүйесі бірқатар іс-шаралар дайындады: №5 бұқаралық кітапханада библиоэкспозиция, «Кез келген тіл өзінше ұлы» лингвистикалық мозаикасы, №7 бұқаралық кітапханада «Тіл тағдыры – ел тағдыры» кітап көрмесіне шолу, «Тіл – менің досым, Тіл – ұлы туынды» кітапханалық сабағы, «Тіл – халықтың күре тамыры» кітап көрмесі – балалар-жасөспірімдер кітапханасында, «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі» оқырман конференциясы - № 3 балалар кітапханасында.

23 қыркүйекте № 9 бұқаралық кітапхана өз оқырмандары үшін «Көрнекті композитор және Сырдарияның ағысындағы күйші» атты онлайн-ақпарат, №5 бұқаралық кітапхана – «Уақыт рухы, кез келген жолдағы дәуірдің ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырады. 20-24 қыркүйек аралығында № 15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі және домбыра үйірмелері жұмыс істейді.

22 қыркүйекте сағат 19: 00-де NOMAD City Hall сахнасында «Көңілді тапқырлар алаңында» балалар өнер көрсетеді.

Барлық жаңалықтар