00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалықтар үйлеріне газ кіргізіп, бағалы сыйлықтарға ие болды

31.03.2023 | 17:38
Елорда ақпарат
20

Астанада үйлерге газ тарту жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Бүгін Көктал саябағында газ тартқан тұрғындар  арасында автокөлік пен бағалы сыйлықтар ойнатылды. Ал іс-шараны «Газ үйге» компаниясы ұйымдастырды, деп хабарлады  Elorda.info.

Ұтыс ойынына «Газ үйге» компаниясымен газды үйлеріне тартуға келісімге отырған елордалықтар қатысты. 

Ал ұтыс көлігінің иесі  қала тұрғыны Сабыржан Исақов атанды.

Мен «Газ үйге» компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Осындай мереке үшін рақмет. Біз өте қуаныштымыз, - деді жеңімпаз.

Ал iPhone13 телефонын қала тұрғыны Ботакөз Төребекова жеңіп алды.

Күтпеген тосынсый болды. Осындай мерекелік іс-шараны ұйымдастырғандарға айтар алғысым шексіз. Баршаңызға амандық тілеймін, - деді ол.

Сондай-ақ іс-шарада планшет ойнатылды. Оның иесі Ұлболсын Нұрмағамбетова атанды. Ал астаналық Нұржан Беделов 50 теңгені жеңіп алды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жиналғандарға алғысын білдіріп, газға қосылуға шақырды.

Барлық жаңалықтар