00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті

31.03.2023 | 17:30
Елорда ақпарат
42

Бүгін №86 мектеп-гимназиясында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында «М.Әуезов – дәуір тұлғасы» атты мерекелік іс-шара және «М.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық конкурс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мерекелік іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Амангелдіқызы, Әуезов мұрасын зерттеуші ғалымдар мен қонақтар қатысты.

Мектеп оркестрінің тамылжыған күйімен басталған мерекелік күн оқушылардың «Әуезов әлемі қылқалам, қолөнер шеберлері көзімен» атты сурет, қолөнер туындылары көрмесімен жалғасты. Кішкентай бүлдіршіндер Бөрілідегі Әуезов мұражайымен таныстырды. Мектептің ІІІ қабатында орналасқан «Әуезов әлемі» атты бөлімде оқушылар жазушының өмірі, шығармашылығы жайында тың деректер айтып, өз ізденістерін көрсете білді.

«Әуезовтің ғылыми кабинетінде» аталмыш оқу жылында ашылған тәжірибелік алаң жұмысымен таныстырды. «Әуезов кино әлемінде» атты бөлімде жазушының шығармалары негізінде түсірілген кинолар қойылып, оны QR код арқылы тамашалауға болатындығы қонақтарды қызықтырды.

Мектеп кітапханасында «Әуезов айнасы» атты клуб ашылды.

Сонымен қатар, Мұхтардың жас кезінде ойнаған «Ярыш» командасын қайта жандандыру мақсатында, «Ярыш-86» командасы құрылды. Түркістан облысы Сауран ауданы, Жамбыл облысы Жаңатас қаласы, Зайсан қаласы, Павлодар қаласындағы М. Әуезов атындағы мектептермен тікелей эфирде байланыс жасалып, меморандумға қол қойылды.

Мерекелік іс-шара оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған театрландырылған қойылыммен жалғасын тапты.

Атаулы күннің екінші кезеңі «М.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық конкурсымен жалғасты. Конкурсқа қатысушы №87 МГ, №57 ОМ, №72 МЛ, №74 МГ, №83 МГ, № 93 МГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері понорамалық сабақ көретсе, сол мектептердің 9-11-сынып оқушылары эссе жазу байқауында бағын сынады.

Барлық жаңалықтар