00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық ұландар адасып қалған баланы анасына табыстады

31.03.2023 | 17:25
Елорда ақпарат
44

24 қыркүйек күні Астананың Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау кезінде 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жалғыз жүрген балақайды байқаған, деп хабарлады Elorda.info.

Патрульдік топ бастығы Мұрат Дәуренбеков, патрульші сарбаздар Артем Деркачев пен Александр Постоев сағат 16:45 кезінде Есіл өзенінің жағасынан шамамен 2 жасар баланың ересек адамдарсыз жүргенін байқайды.

Әскери жасақ бүлдіршінге жақындап, мән-жайды білмек болады. Сұрастыру кезінде баланың адасып қалғаны, анасын таппай жүргені белгілі болды.

Ұлттық ұландықтар оқиғаны әскери жасақтар кезекшісіне баяндап, бүлдіршіннің жақындарын іздеуге кіріседі. Араға біраз уақыт салып сарбаздар сәбидің анасын табады. Оның шын мәнінде баланың ансы екеніне көз жеткізген соң, оған баласын табыстайды.

Барлық жаңалықтар