00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«BIRGE TAZA QAZAQSTAN»: елордада жаппай сенбілік өтті (ФОТО)

31.03.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
47

Бүгін елордадағы Президент саябағында «BIRGE TAZA QAZAQSTAN» экологиялық айлығы аясында жаппай сенбілік өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға қала әкімдігінің өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес, рухани-діни бірлестіктердің өкілдері, Успен соборының, Ардагерлер кеңесінің қызметкерлері, басқарма басшылары, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының өкілдері, спортшылар, әртістер мен еріктілер қатысты.

Сенбілікке қатысушылар 150 сібір шыршасын егіп, 250 қайың отырғызды.  

Айта кетейік, акцияға барлығы 300-ден астам адам қатысты.

 

Барлық жаңалықтар