00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бибігүл Жексенбай: бүгінгі таңда жалған ақпарат қоғамда тез таралады

31.03.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
21

Елордада мемлекеттік және корпоративтік коммуникацияларды дамыту мәселелері бойынша X жыл сайынғы конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«International PR Forum Astana» деп аталатын іс-шарада мемлекеттік және қоғамдық коммуникациялар мәселелері талқыланды. Отырыс бірнеше пленарлық сессиядан тұрады.

Бұған мемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың қоғаммен байланыс жөніндегі баспасөз хатшылары мен менеджерлері және медиа қоғамдастық өкілдері қатысты.

Бірінші пленарлық отырыс «Мемлекеттік саясат және тұтынушы. Коммуникацияларды трансформациялау» тақырыбында өтті. Мұнда қатысушылар мемлекеттік саясат және коммуникациялардағы қазақ тілінің дамуы мәселелерін талқылады.

Сессияда Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп «Мемлекеттік саясат және ұлттық мүдде» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Түрікменстан әуежайына ұшақ қонғанда «Сіз Түрікмен еліне келдіңіз. Бұл жерде осындай тәртіп бар» деп хабарланады. Осылайша ел өз елін өзі сыйлатып тұр. Тіпті кез келген шет елде қонақ үйлерге барғанда сол елдің әуені ойнап тұрады. Ал Қазақстанда кез келген қонақ үйге барғанда қазақтың күйі я әні ойнағанын кездестірдіңіз бе? Барлығы осындай нәрседен басталады. Бұл - мәдени кеңістіктегі ұлттық мүдде мәселелері, - деді Нұртөре Жүсіп.

Сондай-ақ отырыста Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай «Билік месседждері мен оның таралуы. Коммуникацияның жаңа формалары»  тақырыбында сөз сөйледі.

Қазіргі кезде қоғаммен байланыс бағытында үлкен трансформациялық өзгерістер болып жатыр. Кез келген мемлекеттік органға, қоғамдық не коммерциялық ұйымдарға, БАҚ өкілдеріне тіпті блогерлерге сұраныс өте жоғары болып отыр. Мемлекеттік месседждердің дұрыс әрі уақытылы халыққа жетуі аса маңызды. Өйткені бүгінгі таңда жалған ақпарат қоғамда тез таралады, - деді Бибігүл Жексенбай.

Сонымен қоса, Бас редакторлар клубының президенті қазір телевидение, газет-радиоға сұраныс азайғанын атап өтті.

Жасыратыны жоқ, кезінде жаңа медиаға, әлеуметтік желілерге жеңіл-желпі дүние секілді қараған едік. Алайда  қазір билік өкілдері әлеуметтік желінің үлкен мүмкіндік және коммуникацияның бір жолы екенін түсіне бастады. Қазір телевидене, газет-радиоға сұранысты барынша төмендеткеніміз рас, - деді Б.Жексенбай.

Барлық жаңалықтар