00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді

31.03.2023 | 17:19
Елорда ақпарат
32

Астанада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 28-29 қыркүйек күндері өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Биылғы форумның тақырыбы – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық алаң ретінде».

Бағдарлама аясында IT-стартаптар аллеясы мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер және Орталық Азия елдерінің технопарктерінің көрмесі өтеді. IT мектептерінің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle байқауы, VR, GameDev сайттары ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, форум аясында еліміздегі стартаптарға арналған алғашқы ресми оффлайндық TikTok платформасы құрылады. Өңірдің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі.

Барлық жаңалықтар