00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорда атауының өзгеруіне байланысты автожолдарда 467 панно ауыстырылып жатыр

31.03.2023 | 17:14
Елорда ақпарат
49

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Facebook желісіндегі ресми парақшасында еліміздегі автожолдарда Нұр-Сұлтан жазуы бар белгілер ауыстырыла бастағанын жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда атауының өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 467 ақпараттық панно ауыстырылмақ. Бүгінгі таңда 100-ге жуық ақпараттық панноға демонтаж жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жалғасып жатыр. Ақпараттық панноларды ауыстыру республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте еліміздің бас қаласы қайтадан Астана деп аталатыны туралы заң қабылданды. Бүгіннен бастап заң күшіне енді.

Гүлжан Уалиева

Барлық жаңалықтар