00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордадағы жер үйлердің 200 мың тұрғыны газбен қамтылған

31.03.2023 | 17:08
Елорда ақпарат
16

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Бағдат Байсадықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әкімдік 2020 жылдан бастап тұрғын үй алаптарын газдандыруды бастады. Газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. 2021 жылы газдандырудың 1-кезегінің, сондай-ақ ішінара 2-кезегінің құрылысы аяқталды. Екінші және үшінші кезектердің қалған бөлігінде жұмыстар республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2022-2024 жылдарға жоспарланған, - деді әкімдік өкілі.

Басқарма басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарының, сондай-ақ Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінің тұтынушылары газға қосылды. Жалпы 650 км газбен жабдықтау жүйесі салынды.

Халық саны 200 мыңға жуық 14 мың абонент газбен қамтылды.Оның ішінде газға 5 300 үй қосылды. Сондай-ақ, №1 жылу-электр орталығы мен №2 жылу электр орталығындағы 13 қазандық газға ауыстырылды. Сондай-ақ биыл тағы 3 энергетикалық қазандықты газға ауыстыру жоспарланып отыр. Ал 15 әлеуметтік нысанда газ қазандықтарын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні қала бойынша 6 мыңнан астам техникалық шарт беріліп, 50 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Сонымен қоса, Ильинка, Тельман, Пригородный, Family Village, Өндіріс тұрғын алаптарына газ желілерін жеткізу басталды, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Барлық жаңалықтар