00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алтай Көлгінов елордалықтарды Конституция күнімен құттықтады

25.02.2023 | 14:55
Елорда ақпарат
23

Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін жасампаздық пен өркендеудің берік кепілі. Конституция мемлекетіміздің іргесін құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде бекітті.

Негізгі заң қабылданған күннен бастап елімізде халықтың әл-ауқатын жақсартатын маңызды реформалар өткізілді. 5 маусым күні еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулер азаматтардың мүддесін, құқығын және бостандығын қамтамасыз ететінін, «әлеуметтік әділеттілік – басты құндылық және жаңа қоғамдық келісімнің тірегі» екенін атап өтті.

Конституция күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! - деп жазды елорда әкімі.

Барлық жаңалықтар