00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Халықаралық «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығына үміткерлерді тіркеу басталды

25.02.2023 | 14:44
Елорда ақпарат
55

Егер сіз талантты және бастамашыл жан болсаңыз, өз талантыңызды, тамаша дағдыларыңыз бен ерекше қабілетіңізді халыққа паш еткіңіз келсе, онда Amanat партиясының «Кедергісіз келешек» – «Будущее без барьеров» жыл сайынғы партиялық жобасы шеңберінде өтетін «Шексіз мүмкіндіктер» акциясына қатысыңыз.

Акцияға І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар мен ұжымдар қатыса алады.

Өтінімдер 2022 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 3 қарашасында өтеді.

Акцияға қатысу үшін өзіңіздің тағдырыңыз бен шығармашылығыңыз туралы толық өмірбаян жіберіңіз!

Өтінім бергенде егер сіз қай номинация бойынша қатысуға лайықты екеніңізді анықтай алмасаңыз, оны көрсетпей-ақ қоюыңызға болады. Конкурс туралы ақпаратпен төмендегі телефон нөмірлері арқылы таныса аласыздар: + 7 (7172) 49-27-50, 8-701-555-74-07.

«Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығына өтінім формасын  zhan.shuaq@mail.ru  электронды поштаға немесе Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Абылайхан даңғылы, 43/1 үй, индексі Z00P6K8 мекенжайына пошта арқылы жіберуге болады.

 

Барлық жаңалықтар