00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл елордалықтар іkomek-ке 1,5 млн өтініш жіберді

25.02.2023 | 14:40
Айман Нығмет
44

Бұл туралы «109 біріңғай байланыс орталығы» департаментінің директоры Әсел Өмірзақ онлайн-брифингіде айтты.

«2018 жылы «Ikomek» орталығына 1 млн 37 мыңнан астам өтініш түссе, 2019 жылы 1 млн 670 мың өтініш, 2020 жылы 2 млн 197 мың өтініш, 2021 жылы 2 млн 490 мың өтініш қабылданды. Ал 2022жылдыңбасынан бері 1 млн 401мың өтініш түсті», - деді департамент басшысы.

Сондай-ақ ол түсетін қоңыраулардың 85 пайызға жуығы дереу шешімін табатынын атап өтті.

«Бүгінде «109» орталығына тұрғындардан келіп түскен өтініштердің 84,8 пайызы алғашқы қоңыраудан кейін жабылады. «Ikomek» орталығын құрған сәттен бастап халыққа қызмет көрсету функциясы кеңейіп, 1800-ден астам мәселе қамтылды. Бүкіл коммуналдық кәсіпорындардың, медициналық ұйымдардың, әкімдік басқармаларының call-орталықтары біріктірілді. Осылайша қала тұрғындарымен байланысатын бірыңғай орталық жұмыс істеп тұр», - деді Әсел Өмірзақ.

Барлық жаңалықтар