00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Спорт күні аталып өтті (ФОТО)

25.02.2023 | 14:10
Елорда ақпарат
56

Онда Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының директоры Маратбек Мықтыбеков қатысып, спорт қызметкерлерін құттықтады. 

Іс-шара барысында бірқатар спортшы мен жаттықтырушы және спорт саласына сүбелі үлес қосқан тұлғалар Мәдениет және спорт министрінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және қалалық Спорт басқармасының атынан алғыс хаттарымен марапатталды. 

Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрі Даурен Абаевтың Құрмет грамоталарымен, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгілерімен Нұрболат Сабырұлы, Владимир Иванович, Бағдат Әділұлы және Ботагөз Есетқызы марапатталды. 

Сахына алдына шыққан әлемнің төрт дүркін чемпионы, ҚР алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников өз өнерін көрсетіп, жиналған халықты таңғалдырды.  

Қала тұрғындары арасында ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Ал жастар арасында стрейтбол, футбол, ұзындыққа секіру, жүгіру және белтемірге (турникке) тартылу сыңды спорт түрлерінен жарыс өткізіліп, өзара мықтыларды анықтады. 

Сондай-ақ елордалық көркем гимнастика мектебінің арулары сахналық қойылым көрсетіп, фитнес жаттығу өткізді.

Барлық жаңалықтар