00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 5 мыңға жуық тұрғын үй газға қосылды

25.02.2023 | 13:55
Айман Нығмет
25

Қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінгенін айтты.

Бүгінде Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы), Оңтүстік-Шығыс (сол жағы), Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарында, сондай-ақ Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде газ қосу қамтамасыз етілді. 650 км газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды. Газға қолжетімділікті 200 мыңға жуық халқы бар 14 мың абонент қамтамасыз етті. Газға 5 мыңға жуық үй қосылған. Бұл көрсеткіш күн сайын өсіп келеді, – деді ол.

Сонымен қатар Мақсат Есмағұлов ЖЭО-1 және ЖЭО-2 13 қазандығы газға ауыстырылғанын жеткізді.

Биыл ЖЭО-1-де тағы 3 энергетикалық қазандық газға көшіріледі. 15 әлеуметтік нысанда газды іске қосу бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, газға «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №19 мектеп, № 57 мектеп, «Мейіржан» балабақшасы, «Аққанат» бөбекжайы және төрт көппәтерлі тұрғын үй қосылды. Бүгін қала бойынша 6 мыңнан астам техникалық қызмет көрсетіліп, 50 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, «Тұран», «Тельман» аудандық қазандықтарына және «Ильинка», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс» газ жеткізу желілерінің құрылысы басталды. Жалпы, тұрғын үй алаптарын газдандыру және энергия көздерін газға ауыстыру шығарындыларды азайтуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды азайтады, - деп түйіндеді ол.

Дана АМЕНОВА

Барлық жаңалықтар