00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада «Абай салған ізбенен» атты әдеби-рухани кеш өтті

25.02.2023 | 13:20
Елорда ақпарат
41

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» ұйымдастырған іс-шараға 30-ға жуық орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары, сондай-ақ ақындар мен өнерпаздар және жастар қатысты.

Абай күнін ұлықтау арқылы ұлттық болмыс-бітіміміз бен қабілет-қасиетімізді тануға болады. Ал Абай ілімін танып, насихаттауда ғалымдар мен зерттеушілерден бөлек, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері де елеулі рөл атқарады. Сондықтан Есілдің бойында еркін форматта өтетін жыр кешіне қаладағы іргелі білім ордаларының ұстаздарын шақырып, санаңа сәуле, зердеңе ақыл қосатын Абай өлеңдерінің маңызын талдап, мұраларының тәрбиелік мәнін ашып, текстологиясын зерделеуді ойластырдық, – деді Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейдахметова.

Барлық жаңалықтар