00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық полицейлер Абай күнін атап өтті

25.02.2023 | 13:18
Елорда ақпарат
40

Департаментте Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын «Тұлғаға тағзым» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме барысында жас қызметкерлер ақынның, абайтанушылардың, зерттеушілірдің еңбектерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. 

Сондай-ақ, департаменттің ведомствалық музей басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Шынар Уайсова жеке құрам арасында Абай Құнанбайұлының өмірін насихаттау, ақынның шығармашылығы арқылы мақтаныш сезімін, патриоттық рухты тәрбиелеу бойынша дәріс өткізді.  

Дәрістің мақсаты – ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятында алар орны, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен оның құндылығы, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі жөнінде кеңінен ақпарат беру, сол арқылы тәртіп сақшыларының патриоттық, ерлік, жігерлік сезімдерін нығайту. 

Іс-шара барысында полицейлер ғұлама ақынның шығармашылық мұрасымен, абайтанушылардың зерттеулерімен тереңірек танысып, күнделікті қарбалас жұмыстарынан бір уақыт алшақтап, пайдалы мағлұмат алды.

Барлық жаңалықтар