00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық ұландар суға батқан ер адамды құтқарды

25.02.2023 | 13:16
Елорда ақпарат
23

Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Оралбек Жиенбай, Нұрбол Тілеубек және Ерболат Қанатбек елордадағы «Ататүрік» саябағындағы Есіл жағалауында қызмет атқару барысында өзенде қолын сермеп, тұншығып бара жатқан адамды көріп, жедел құтқаруға кіріседі. Алдымен қатардағы Оралбек Жиенбай суға секіреді. Оның артынша патрульдік топ бастығы кіші сержант Айбат Есіркеп те өзенге секіреді. Екеуі 44 жастағы азаматты судан шығарып алады.

Біз жағалау бойында келе жатқанбыз. Кенет «Көмектесіңдер!» деген дауысты естідік. Қарасақ, бір адам өзеннің ортасында батып жатыр екен. Арғы жағаға жете алмай, шаршағаннан күші таусылған сияқты. Біз оны судан шығарып алдық, – деді қатардағы Оралбек Жиенбай.

Азаматтың не себепті суға түскенін құзырлы орган қызметкерлері анықтап жатыр.

Барлық жаңалықтар