00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Көрмелер мен әдеби сағаттар: Елордада Абай күні қалай атап өтіледі

25.02.2023 | 13:16
Елорда ақпарат
39

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде ақынға арналған «Абай дара, Абай дана қазақта» атты дәріс өтеді. Оның ішінде Сәкен Сейфуллин музейінде «Абай әлемі» атты поэзия кеші болады. Кеш барысында зерттеушілермен, абайтанушылармен кездесу өтіп, ақынның шығармалары мен өлеңдері оқылады.

«Абай дана, Абай дара қазақта» поэзия сағатында Орталық қалалық кітапханада сағат 11:00-де ақынның шығармашылығы туралы толығырақ білуге болады.

Сағат 12:00-де қазақ ойшылына арналған «Абай – ұлы тұлға» атты тағы бір іс-шара өтеді, онда елорда тұрғындары көрнекті ағартушының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін бағалауға, оның патриот, азамат және ақын ретіндегі тұлғасының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Сағат 12:00-де №2 қалалық кітапханада Мұхатар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасына арналған әдеби сағат өтеді.

Ұлы Ақынның қалыптасуы туралы тыңдап қана қоймай, өмірі туралы әдеби композицияны қуыршақ театрынан тамашалауға болады. Астаналықтар сағат 16:00-де К.Ежембектің «Жарық сәуле» қойылымын тамашалайды.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Алаш» залында «Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары мен туыстары» көрмесін тамашалай алады. Көрмеде Абайдың туыстары мен ұрпақтарының фотосуреттері көрсетіледі.

Сондай-ақ, елордада Орталық кітапхана «Аққуға үнін қосқан – кемел дарын» атты көрмелер циклін бастайды. Көрмеде Абайдың ғана емес, халқымыздың өзге де жазушылары мен ақындарының алуан түрлі шығармашылығымен танысуға болады.

Барлық жаңалықтар