00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Keruen Fest» өтіп жатыр (ФОТО)

Қазақ халқының дәстүрін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара түрлі бағдарламаларды қамтыды. Күні бойы елорда тұрғындары мен қонақтары қолөнер бойынша шеберлік сағаттарына қатысып жатыр.

Сондай-ақ бұйымдар жәрмеңкесі, айтыс додасы, аквагрим, танымдық кездесулер, ұлттық ойындар өткізіліп жатыр. Көше ортасына құрылған киіз үйді кез келген қала тұрғыны тамашалай алады. Келушілер киіз үйдің ішкі бұйымдарын көріп, ұлттық киімдерді киіп, суретке түсуде.

Айта кетейік, бұл жерде кешке қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

 

 

Барлық жаңалықтар