00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада республикалық мүфтият журналистерінің медиафорумы өтті

25.02.2023 | 09:24
Айман Нығмет
22

Алқалы жиын Құран аяттарын оқумен басталып, дін мен медиа жайлы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған медиафорумға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы, БАҚ өкілдері, сондай-ақ ҚМДБ-ның аймақтардағы тілшілері қатысты. 

Басқосуды ашып, сөз сөйлеген Бас мүфти қазақ халқы ежелден сөзді қастерлегенін, сөздің парқын айыра білуге баулығанын айта келіп, сөз ұстаған, қаламның қасиетін ұғынған жандар дін тақырыбын қозғарда аса абай болуы керектігін тілге тиек етті. 

Дін нәзік мәселе болғандықтан, бұл тақырыпқа асқан жауапкершілікпен қарау қажет. Өйткені адамның сенімі – оған қайрат беретін күш әрі пенденің ең әлсіз тұсы. Сондықтан біреудің сенімін қорлаудан артық қиянат жоқ,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Ол ақпарат алаңында түрлі кереғар пікірлердің болып жататынын, сондай пікірталастардың адамның жеке басына тиісу, діни сенімін мансұқтау, абыройын төгу секілді бағыт алып кететініне қынжылып, көркем пікірталастардың көрініс таппай жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Медиаорумда БАҚ басшылары, танымал журналистер БАҚ пен дін, жалған және шынайы ақпарат, діни тақырыптарды баспасөзде жазу, діни секталардың жалған ұрандарынан жұртты сақтандыру, дәстүрлі БАҚ пен цифрлық медианың бір-бірін толықтыруы және т.б. тақырыптарда ойларын ортаға салды.

Бұл жиынның үлкен бір жаңалығы – ҚМДБ жанынан Бас редакторлар алқасы құрылды. Оның құрамына еліміздің жетекші газеттерінің басшылары, белгілі журналистер кірді. Алқа үш ай сайын мәжіліс құрып, діни саладағы түйткілді мәселелерді ашық талқылап, қоғамға пайдалы, қажетті ақпараттарды жарыққа шығаруға ықпал етеді.

Барлық жаңалықтар