00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Спартакиада: «Сарыарқа» аудан әкімінің аппараты футболдан үздік ойын көрсетті

Дәстүрлі спорттық шараға «Сарыарқа» ауданының бірнеше мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. 27 қызметкер теннис, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша сайысқа түсті. Футбол ойынына 6 команда қатысса, волейболда 4 команда өзара бақ сынасты.

Оқи отырыңыз: Елордада мемлекеттік мекеме қызметшілері арасында спартакиада басталды

Спартакиада нәтижесі бойынша «Сарыарқа» аудан әкімінің аппараты футболда үздік ойын көрсетіп, 1-ші орынға ие болды. Аталмыш ауданның Полиция департаментінің жігіттері 2-ші орынды,  Сәулет, қалақұрылысы және жер қатынастары басқармасы 3-ші орынды иеленді.

Волейболдан 1-ші орын «Сарыарқа» ауданының төтенше жағдайлар басқармасына бұйырды. Полиция департаментінің қызметкерлері 2-ші орын, Мемлекеттік кірістер басқармасы 3-ші орынға ие болды.

Тоғызқұмалақтан Сәулет, қалақұрылысы және жер қатынастары басқармасының, ал шахматтан Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үздік нәтиже көрсетті.

Үстел теннисі ойыны бойынша әйелдер арасында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, ал ерлер арасында Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үздік ойын көрсетті.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық спартакиада жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

 

Барлық жаңалықтар