00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада пәтер кезегінде тұрған адамдар арендалық үйге өтінім бере алады

25.02.2023 | 08:56
Елорда ақпарат
55

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мына санаттар жатады:

- ҰОС ардагерлері;

- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

- 1 және 2 топтағы мүгедектер;

- мүгедек баласы бар отбасылар;

- кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын адамдар;

- жасына байланысты зейнеткерлер;

- жетім балалар;

- қандас;

- экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

- қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

- толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны - 117. Оның ішінде жетім балаларға - 35:

- 9 бір бөлмелі пәтер;

- 19 екі бөлмелі пәтер;

- 7 үш бөлмелі пәтер.

Халықтың қалған әлеуметтік осал топтары үшін:

- 20 бір бөлмелі пәтер;

- 46 екі бөлмелі пәтер;

- 16 үш бөлмелі пәтер.

Сонымен бірге көпбалалы отбасыларға 124 пәтер қаралған, оның ішінде:

- 18 төрт бөлмелі пәтерлер;

- 106 үш бөлмелі пәтерлер;

Баспана түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Үйдің мекенжайы: ЖК «Ақерке»; Е-509 көшесі, 7 үй; Тілендиев даңғылы, 44а үй; Шақаұлы көшесі, 7 үй.

Ай сайынғы жалдау ақысы: 7 000 - 22 000 теңгеге дейін.

Құжат қабылдау 18 маусым сағат 9:00-де басталып, 24 маусым сағат 23:59-да аяқталады.

Құжаттар тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.

Өтінім берген адам халықтың әлеуметтік осал тобы немесе жетім бала санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұруы тиіс.

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі. Өтінімді 2006-2022 жылдары кезекке тұрғандар бере алады, алайда олардың арасында 2009-2010 жылдарда кезекке тұрғандардың мүмкіндігі көбірек, - дейді басқармадан.

Барлық жаңалықтар