00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 64 адам астан уланды

25.02.2023 | 08:46
Елорда ақпарат
39

9-10 маусымда Нұр-Сұлтан қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына тамақтан улану фактілері тіркелгені туралы қалалық медициналық ұйымдардан шұғыл хабарламалар келіп түскен. Барлық науқас қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақтанғанын айтқан.

Жаппай тамақтан улану фактілерінің тіркелуіне байланысты Байқоңыр аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Байқоңыр ауданының Полиция басқармасына ақпарат жолдады. Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - делінген ведомство хабарламасында.

Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 10 маусымда қылмыстық іс аясында қоғамдық тамақтану нысанында жоспардан тыс тексеру бастаған.

Тексеру барысында мынадай заң бұзушылықтар анықталды:

  • нысанның мәлімделген  жобалық қуатына нақты сәйкес келмеуі;
  • барлық технологиялық процесс ас үйдің бір бөлмесінде жүргізіледі;
  • цехты бөлу (учаскелерге бөлу) көзделмеген;
  • бөлшектеу жабдықтарын таңбалау, пайдалану және сақтау талаптары сақталмайды;
  • дайын азық-түлік өнімдерін және азық-түлік шикізатын сақтау кезінде қажетті қағидат сақталмайды;
  • қызметкерлерді жұқпалы аурулардың бар-жоғын тексеру журналы жоқ.

Тексеру кезінде зертханалық зерттеу үшін шайындылар, шикізат пен дайын өнімнің үлгілері таңдалды. Кәсіпорынның 15 қызметкері патоген микрофлораны тасымалдауға тексерілді. Нәтиже қаралып жатыр, - деп жюазылған Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, медициналық көмекке 64 науқас жүгініп, оның 52-сі ауруханаға жатқызылды, 12-сі амбулаторлық ем алған.

Жоспардан тыс тексерулер мен эпидемияға қарсы шаралар әлі де жалғасуда.

 

Барлық жаңалықтар