00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әртістік жүзуден Нұр-Сұлтан қаласының ашық кубогы өтеді

25.02.2023 | 08:32
Елорда ақпарат
29

Елорда әкімдігінің бастамасымен бұл турнир алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Республикалық су спорты түрлері федерациясының қолдауымен өтетін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі сенбі күні сағат 12.00-де басталады.

Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында еліміздің әр өңірінен келген 80 бала бақ сынайды. Елордалық командамен қатар турнирге Алматы, Талдықорған, Қарағанды және Теміртау қалаларынан жас спортшылар қатысады.

Турнир барысында медальдар дуэт, соло, микс дуэт, топтық бағдарлама түрлері бойынша сарапқа салынады.

 

Назира Қайыржан,

Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті. 

Барлық жаңалықтар