00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтан қаласында ерекше балаларға арналған спорттық ойын мерекесі өтті

25.02.2023 | 07:52
Елорда ақпарат
29

Спорттық-ойын мерекесіне 50-ден астам мүгедек бала, сондай-ақ олардың ата-аналары қатысты.

Іс-шара паралимпиадалық жаттығу орталығында ұйымдастырылды. Онда ерекше балаларға арналған спорт түрлері бойынша жаттығулар өтеді.

Спорттық мереке ерекше балаларды заманауи қоғамда әлеуметтік бейімдеу, бала тұлғасының үйлесімді дамуына ықпал ету, паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға ықпал етеді.

Ойын қорытындысы бойынша барлық қатысушылар естелік сыйлықтар, ал жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдар алды.

 

Барлық жаңалықтар